Талдықорғанда қалалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен семинар кеңес өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен басқосуға аймақтағы жұмыс беруші мекеменің басшыларымен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.

Семинарда сөз алған республикалық ғылым-білім ызметкерлерінің салалық кәсіподақ төрағасы Тоққожа Естенов жұмыс беруші мен кәсіподақ мүшелерінің ара қатынасы, құқықтық мәселелер Елбасы бекіткен кәсіподақ туралы Заңы туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Заңда кәсіподақ ұйымының жұмысына мемлекеттік мекемелердің басқа да үкіметтік орындардың араласуына тиым салынады деп ашық  атап көрсетілген. Қорытып айтқанда, кәсіподақ азматтық қоғамның және жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы алтын көпір екені анық деді Тоққожа мырза.

Еске сала кетейік, бүгінде облыс орталығы Талдықорғандағы кәсіподақ ұйымына білім саласы, мектептер мен балабақша басқа да орындар болып 60-қа  жуық мекеме кіреді. Жиын барысында шаһардағы салалық кәсіподақ ұйымының заңгері Бақытжан Нұртайұлы семинарға қатысушылардан түскен әр түрлі сауалдарға  жауап берді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here