Жаңа жыл жақсылығымен келсін!

0
123

Ит жылының өзіндік ыстық естеліктері бар.  «Ит – жеті қазынаның бірі» дейді қазақ. Бұл жылы  білім саласының өзіндік табыстары мол. Талдықорған қаласының оңтүстік –батыс және солтүстік –батыс тұрғын үй аудандарында әрқайсысы  1200 орынды №27 және №28 орта мектептер пайдалануға берілді. «Көктем» шағын ауданында  өнерде дарынды  балаларға арналып  музыка мектебі ашылды. Жалпы білім беру  мекемелерінің саны 28-ге жетіп, онда 28 мыңнан аса оқушы білім алуда. Жаңартылған білім беру мазмұнына еліміз бойынша 2016 жылы 1-сыныптар, 2017-2018 оқу жылы 2,5 сыныптар, 2018-2019  жылы  3,6,8- сыныптар көшірілді.

Мектепке дейінгі білім беру саласында 175 орынды екі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде қолданысқа берілді. Қалада 67 балабақша бар, балдырғандарды білім және тәрбиемен қамту 97,3 пайызды құрап отыр. Елбасы мектептерде жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Талдықорған қаласы аумағындағы мектептерде «Жетісу тарландары» әскери клуб жұмыс жасаса, 2018 жылдың қыркүйегінде №18, №14 орта мектептердің 6-cыныптарында Кадет сыныптары ашылды.

 Жаңа жыл жақсылығымен келсін!  Толайым табысымыз бен жетістіктер көп болсын!

 

                                                                                  Жандос Жолдыханов,

                                                                    Талдықорған қалалық білім бөлімінің                                                                        басшысы.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here