Алматы облысының орталығы уақыт озған сайын құлпырып, көркіне сән қосып, жанданып келеді. Оған Талдықорған қаласының жыл қорытындысы бойынша елдегі ең үздік қала атанғандығы дәлел. Тіпті, соңғы кездері жасыл шаһарға айналған Жетісудың кіндігі жастар арасында «ТалдыПариж» деп аталып жүр. Яғни, мұның барлығы қаламыздың тек алға қарай дамып келе жатқандығын айғақтайды.

Осындай атақпен танылып жүрген Талдықорғанның жаңа жыл қарсаңында өткізетін өз байқауы бар. Ол шаһардың түнгі көрінісі мен мерекелік безендірулерін сараптаудан тұрады.

Айталық, жаңа жыл мерекесіне орай әлемнің әр елінде қаланы безендіру салты өзіндік ерекшеліктерімен жасалатыны белгілі. Осыған сай Талдықорған қаласында да көп жылдан бері, әсіресе, соңғы кездері ғимараттарды мерекеге орай әрлеу бәсекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді. Ондай іс атқаруға облыс орталығында мүмкіндік те мол. Сәулетті ғимараттар бой көтеріп, көрікті нысандардың қатары көбеюде.

Әкімдіктегілердің айтуынша, биыл Талдықорған жаңа жылға тиянақты дайындалған. Қала көшелеріне түрлі-түсті жарық шамдары орнатылып, безендірілген. Қарасаң, көз сүйсінеді. Мәселен, медицина колледжінің ұжымы безендіруге барын салыпты. Оқытушылар мен студенттер қиялдарына ерік берсе керек, неонды шырақ және Санта мен оның бұғыларын тамаша үйлестірген. Бір сөзбен айтқанда аталмыш ғимараттың маңынан өткен адам ертегідегідей әсер алады.

Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Анарқұлов бұл байқау қаланың шырайын ашып, шаһар тұрғындары мен келген қонақтарға ерекше көңіл күй сыйлайтынын айтады.

«Арнайы комиссия ең үздік безендіру байқауының қорытындысын желтоқсанның соңында шығарады. Осыған байланысты мекемелер мен ұйымдар өз ғимараттарының сыртын мерекеге орай безендіруе мүмкіндіктері бар. Ал, топтан озған жеңімпаздар мен жүлдегерлерге облыс әкімінің атынан құнды сыйлықтар табысталады», — дейді М.Анарқұлов.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here