Қош келдің, Жаңа жыл!

0
224

Оқушылар сарайында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты  мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шырша мерекесі өтті.

Дереккөз

Қайырымдылық кешті Алматы облысының кәсіподақтар орталығы, Оқушылар сарайы, «Жігер» қоғамдық бірлестігі, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері ұйымдастырды. «Хакім Абайдың  «Рақымдылық, мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар — жүрек ісі», — деген сөзі бар. Қол ұшымызды созып, азғантай болса да балдырғандар көңілін бір серпілту  азаматтық борышымыз деп білеміз. Өзгелерге  бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын»-деді ұйымдастырушылар.

Дереккөз

Мерекелік шара барысында қырықтан астам бүлдіршінге сыйлықтар табысталып, жас өрендер концерттік бағдарламаны тамашалады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here