Волейболдан облыстық турнир өтті

0
190

Алматы облысының кәсіподақ орталығы, «Senim» денсаулық сақтау  республикалық қоғамдық бірлестігінің  облыстық филиалының ұйымдастыруымен медицина саласы қызметкерлері арасында волейболдан облыстық турнир өтті.

Дереккөз

Шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, үздік спортшыларды анықтап, жастарға үлгі ету.  Ерлер арасындағы турнирге облыстық аурухана,  туберкулезге қарсы диспансер,  онкологиялық диспансер, кардиологиялық орталық, Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы, жедел-жәрдем станциясы, қалалық емхана мен №2 емхана,  Ескелді аудандық орталық ауруханасы, Қаратал аудандық орталық ауруханасы, сот медициналық сараптама орталығы, Талдықорған медициналық колледжінің командалары қатысып, өзара бақ сынады. Талдықорған медициналық колледжінде өткен екі күндік жарыс қорытындысына сәйкес 1 орынды Талдықорған қалалық №2 емханасы, 2 орынды Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы, 3 орынды Қаратал аудандық орталық ауруханасы иеленді. Сонымен қатар А.Нұржанов «Үздік  ұйымдастырушы», І.Жұманов «Үздік қорғаушы», Т.Утемуратов «Үздік ойыншы», А.Медеуханов пен Ш.Хабибулаев «Үздік шабуылдаушы», М.Азимханов «Үздік қорғаушы» аталымдары бойынша марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here