Жыл он екі айдың желтоқсаны келгенде   балалар әбігерге түсіп, небір түрлі-түсті жарқырауық моншақтарға оранған жасыл шыршаны, Аяз ата мен  Ақшақарды күтеді. Олар ерекше бір ғажайыпқа сенеді. Жаңа жылдық шырша мерекесі Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаевтың қатысуымен «Жастар» спорт кешенінде өтті.  Жаңажылдық шыршаға  аз қамтылған, сондай-ақ, көпбалалы отбасылардан 207 бала қатысты.

Қала әкімі  балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.  «Құрметті ата-аналар,  балалар , келе  жатқан Жаңа жыл барлығыңызға құтты болсын!  Мереке  құт-береке,қуаныш,  жақсылық  сыйласын! Отбасымызға  амандық, саулық  әкелсін! Бүгінгі шырша тойы есте қалатын ерекше кеш болады деп сенемін.  Себебі,   бұл мерекені балалар асыға күтеді. Мен сендерге жарқын болашақ тілеймін»- деді.

Талдықорған қаласы

Жаңа жыл мейрамында балалар сыйлық күтетіні белгілі.  Мерекелік салтанатқа жиналған оқушыларға  қала әкімі атынан  сыйлықтар табысталды.   Шара әртүрлі кейіпкерлер қатысқан музыкалық композициямен өріліп, думанға айналды. Кештің басты кейіпкерлері Аяз ата  мен Ақшақар да балалардың көңілін көтерді. Әсем әндер айтылып, көз тартар көрініске толы қойылымдар көрсетілді. Осы күні олардың қуанышында шек болмады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here