«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясында  1999 жылы мектеп бітірген түлегіміз, бүгінде Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушысы, күйші, сазгер, бірнеше мемлекеттік дәрежедегі байқаулардың жүлдегері Рүстем Наурызовпен кездесу өтті.  Тәуелсіздік күні қарсаңындағы «Мектебім — алтын ұям» атты  кеш ұстаздарға арналды.

Оның  мақсаты:-білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын дәріптеп, өздерін білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбие берген ұлағатты ұстаздарға  құрмет көрсету болатын.

Мерекелік кешке мектебіміздің сол жылдары еңбек еткен,  бүгінде құрметті демалыстағы ардагер ұстаздар да арнайы шақырылды.  Жиналғандарды  Бақытгүл Әбенова, Өмірқұл Айниязов, Гүлбану Лахаева, Дәурен Оқапов, Медет Тұзбаев тәрізді. эстрада жұлдыздары   өз  өнерімен тәнтті етті. Ал  «Гиннес» рекордтар кітабына  «Буынсыз бала» атанып енген ҚР Мәдениет саласының үздігі Айдос Тоқтарбаев сияқты өнер қайраткерлері  мұғалімдерге  қуаныш сыйлады. Кеште Рүстемнің музыкасына жазылған әндер мен күйлер де орындалды. Ұстаздар алғысына бөленген Рүстем шәкіртіміздің өнер жолында қанаты талмай, тек биіктен көрінуіне тілектеспіз.

Сонымен қатар кеште І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің контингентті қалыптастыру және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы Ескендіров Бақытжан Нұрсерікұлы,  «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының кеңесшісі, партиялық бақылау комиссиясының жауапты хатшысы Ғазиз Аманжолұлы құттықтау сөз сөйледі, мектеп түлектері екінші аналарындай болған сынып жетекшілері Ұлбике Тоқбайқызы Бектұроваға «Нұр Отан» партиясының Алғыс хатын және ардагер ұстаздарға арнайы сыйлықтарын табыстады.

                                                                         Айман Сағындықова,

                                                      «М.Жұмабаев атындағы №19 орта

                                                      мектеп гимназиясы МДШО» КММ

                                                      қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

                                                     

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here