Тәуелсіздік күні қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен ҚР ІІМ бірлесіп, Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылынан Миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығын ашты. Енді осы орталық арқылы еңбек мигранттары қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін «бір терезе» қағидаты бойынша ала алады дейді мамандар.

Жаңа орталықтың ашыу салтанатына  «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Ілияс Талғатұлы , облыстық көші-қон қызметінің басшысы Ержан Алтаев және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облыстық  департаменті басшысының орынбасары Жандос Жұмабаев қатысты.

«Азаматтарға арналған үкімет» Алматы облыстық филиалының директорының  орынбасары Ілияс  мырзаның айтуынша,  жаңа орталықтың басты міндеті – көші-қон саласындағы қызметтерді  алуды барынша жеңілдету. Бұрын мигранттарға еңбек етуге берілетін рұқсат құжаттарын дайындауға және оны ұзарту үшін 3-5 күн уақыт кететін. Енді  бұл үрдіс 2 сағат ішінде жүзеге асырылады. Жаңа ғимараттың бірінші қабатында мемлекеттік корпорацияның іс жүргізу орны орналасқан. Ал, екінші қабатында Көші-қон орталығы жұмыс істейді.Аталмыш орталықтың тағы бір тиімділігі әр күнгі таңғы 9.00-ден кешкі 18.30-ға дейін үзіліссіз  қызмет көрсетеді. Әрі  келушілер осы жерде медициналық тексеріс пен дактилоскопиядан өтіп, сақтандыру полисін рәсімдеуге және жеке сәйкестендіру нөмірін алуына болады.

Бұған дейін еңбек мигранттарына қызмет көрсететін мұндай орталық Астана, Алматы, Шымкент, Қостанай қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан,Солтүстік Қазақстан облыстарында ашылған болатын. Еске сала кетсек, 2018 жылғы 11 айда Алматы облысында көші-қон бағыты бойынша 325 мың 512 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Жаңа орталықтың көмегімен алда бұл қызмет түрін алушылар саны бұдан да арта түсері сөзсіз.

 

.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here