Екеу ара әңгімеде бір адам Қожанасырдан: — Қожеке, биыл сіз неше жасқа келдіңіз, — деп сұрапты. Қожекең: — Қырық төрттемін, — деп жауап беріпті.

Келесі жылы бір кездескенде әлгі адам тағы да: — Қожеке қаншадасыз, — деп сұрапты. Қожанасыр тағы да: — Қырық төрттемін, — депті.

Сонда аң-таң болған әлгі адам:  — Сіз былтыр ғана қырық төрттемін, — деп едіңіз ғой десе. Қожекең: — Ер жігіт екі сөйлемейді, – деген екен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here