Алматы облысында 2018 жылғы тәтті түбір егілген жер көлемі  11,2  мың гектарды құрап, жалпы 440 мың тонна өнім жиналған. Атап айтқанда, диқандар әр гектардан орташа есеппен 400 центнерден өнім алып, бұрын болып көрмеген рекордтық  көрсеткіш орнатқан.

Бұл туралы Елордамыз Астанада Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте аймақ басшысы Амандық Баталов  мәлімдеді.

Дереккөз

Сондай-ақ, Амандық Ғаббасұлы: «Келесі жылы жалпы Жетісу өңіріндегі қызылша алқабы 13,2 гектарға ұлғайтылып, 2022 жылға қарай 16 мың гектарға жеткізу көзделген. Сонымен бірге, қазір аймақта сапалы да қуатты өнім өндіретін Ақсу, Көксу қант зауыттары тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта инвесторлар көмегімен Алакөл, Қарабұлақ қант зауыттарын іске қосу жоспарда» –деді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here