Талдықорған қаласындағы № 26  орта мектепте «Ата-баба дәстүрі — ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында «Қазақстан: кеше, бүгін, ертең…» атты  шара өтті. Оқушыларды Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге, елінің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеуде, Қазақстанның өткені мен бүгінін салыстыра, өз еліміздің даму тарихы  білу  мақсатында өтіп жатқан  шара екендігін  мектеп директоры Бекзат Құрмашев  түсіндіріп өтті.

Алғашқы көріністе сахнаға ойлана басып қарт шығады. Немересі ойнап жүгіріп келеді. Немересі атасынан  не ойлап отырғандығын сұрайды. Сонда атасы, балам мен сенің болашағыңды, еліміздің болашағы, өткен өмір туралы ойлаймын,- дейді.                         Мұнан соң еліміздің тәуелсіздік жолы жайлы бейнебаян көрсетілді.  Тарихымыздың  тамыры тереңде.  1931-1933 жылдардағы ашаршылықтан 6 миллиондай адамның 2,2 миллионы опат болса, 1937-38 жылдардағы саяси қуғын — сүргіннен  қоғам қайраткерлері ату жазасына кесілсе, Ұлы Отан соғысы майданына аттанған боздақтар елге қайтпай қалды.

Шара барысында оқушылар би билеп, ән айтты. Соғыс жайлы және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы турасында бейнефильм, сондай-ақ, 9-сынып оқушылары  тарихымыздан сыр шертер көрініс көрсетті.                                                                  1992 жылғы 4 маусымда мемлекетіміздің  рәміздері қабылданғандығы белгілі. Осыған орай,  «Туған ел» атты әдеби музыкалы монтаж қойылды. Зереш Әлімбек «Туған ел« атты әнді нақышына келтіріп орындады. Ел тарихының әрбір кезеңі өлең шумақтарымен, әнмен көркем әдептелді.  Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің әділқазылар алқасының мүшесі Беделбек Сүлейменов өз сөзінде алынып отырған тақырыптың өте ауқымдылығына тоқталды. Оқушылардың шараға жауапкершілікпен қарап, көп ізденгендерін атап өтті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here