Тәуелсіздік күні қарсаңында  Алматы облысының білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми –тәжірибелік орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  қосымша білім берудің үздіктерін анықтады.

 Оқушылар сарайында  ұйымдастырылған  «Үздік қосымша білім беру педагогы-2018» байқауы  облысымыздың барлық аудан мен қаласында  білімді де, өнерлі балаларды тәрбиелеп жүрген  ұстаздардың басын қосты. Сайыс төрт бағытта бастау алды. Мәселен,  «Туризм — өлкетану» бағытындағы үйірме жетекшілері; екінші  «Техникалық — шығармашылық бағытындағы» үйірме жетекшілері;  үшінші  «Көркем — эстетикалық бағыттағы» музыка және би үйірме жетекшілері  және әскери — патриоттық клубтардың, кадет сыныптарының жетекшілері бойынша 63 мұғалім қатысты.

Сонымен, байқаудың қорытындысы бойынша «Туризм-өлкетану бағытында 1- орынды Текелі қаласынан Д. Испулатов, одан әрі  Талдықорған қаласынан А.Бобрусова,  Ескелді ауданынан Ж. Түстебаев өзара жүлделі орындарды бөлісті.

 Техникалық-шығармашылық бағытында жүлделі  орындарды жамбылдық  Хаумен Армиянбек, талғарлық М.Ващенко, көксулық Азат Қызырхан  жеңіп алды.

Көркем-эстетикалық бағыт бойынша Балқаш ауданынан Э.Алсаева, кербұлақтық Б.Омарова, текелілік А. Түсуппаева бірінші, екінші, үшінші орындарды иеленді.

Әскери — патриоттық  бағыты бойынша Іле ауданынан Ертай Андосов, Талдықорған қаласынан Дастан Дүйсенбеков, Жамбыл ауданынан Азамат Абдуразаков бірінші, екінші, үшінші орындарды иеленіп, мерейленді.

 Байқауда «Үздік портфолио»,  «Үздік презентация», «Үздік мастер-класс», «Жас қатысушы» номинациясында жүлдегерлер анықталып, сый-сияпат жасалды. Жеңімпаздарға диплом және қаржылай сыйлық табысталды

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here