Алматы облысының әкімі Амандық Баталов баспана мәселесімен келген Талдықорғандағы көп балалы аналарды қабылдады, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Кездесу барысында аймақ басшысы жағдаймен толық танысып, содан кейін Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев пен жауапты департамент мамандарына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, облыс әкімі кәсіпкерлермен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасыларға арналған әлеуметтік тұрғын үй құрылысын салуды тапсырды.

Айта кетейік, осыдан біраз күн бұрын Талдықорғандағы көпбалалы аналар баспана мәселесі бойынша қала әкімдігіне арыз түсірген болатын. Айтуларынша, кезекте тұрғандарына ұзақ жылдар өтіпті. Содан бері үй кезегі жылжымай қойған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here