«Ұлы даланың  жеті қыры»  – ұлт рухының айрықша салтанат құруына негіз болған ерекше мақала. Әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатыңды сақтай отыра ілесу Елбасы мақаласының негізгі өзегі деп білемін. Өзіңнің тарихыңмен мақтанып қана қоймай, сол тарихтың қыр-сырын сараптап, ғылыми негізде болашаққа бағдар жасау уақыты жетті. Мынау  жаһандану заманына  тамырымызды тереңдете түсіп, тарихымызды баршаға танытып мойындату, ұрпақ алдындағы зор міндетіміз. Мақаланы оқи отыра Алтай мен Атыраудың арасын, Ертіс пен Есілдің жағасын мекендеп, Қаратаудан Ұлытауға дейінгі ұлы даланы жайлаған ұлтымыздың ұлылығына, бабаларымыздың батырлығына тағы бір мәрте бас идім.

«Жаяу жүрсе — бір қазақ, атқа мінсе – мың қазақ»- демекші ертегідей ескі заманның өзінде даланың дүлділі сәйгүлікті қолға үйретіп, адамзат баласына атқа міну мәдениетін қалыптастырып, тасты талқандап, болатты балқытып, темірден түйін түйіп, дала заңына бас ұрған данышпан қазақ екені тайға таңба басқандай жазылған.

Мақалада айтылған адамзаттың ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабиді өмірге әкелген орны бөлек Отырар, Қожа Ахмет Яссауи ілім алған Түркістан қаласын тарих сахнасында қайта жаңғыртып, «Түрік өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобасы негізінде бейбітшіліктің символына айналған ажарлы Астанамыз түркі тілдес халықтардың ортақ үйіне айналары айдан анық.

Ұлы даланың жеті қыры­ның негізі – қазақ елі­нің өміріндегі ерекше мұра. Бұл —  еліміздің аумағында орын алған тарихи жайт қана емес, сонымен қатар әрбір қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар. «Ұлы даланың жеті қыры» — жас ұрпақты жаңа жетістіктерге жетелейді. Ұлттық рухымызды асқақтатар, әлемге өзімізді «Ұлы дала адамы» деп тануына жол ашатын сара жол болары сөзсіз.

                                                                               Жандос Жолдыханов,

                                            Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here