Талдықорғанда аралас жауынгерлік жекпе-жек ММА спортынан Қазақстан кубогы жалауын желбіретті. Дүбірлі додаға еліміздің барлық аймағынан 150-ден аса спортшы қатысуда, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

«Жастар» спорт кешенінде өтіп жатқан жекпе-жек 8-ші желтоқсанға дейін жалғасады. Шаршы алаңға шығатын спортшылардың 100-і ерлер, қалған 50-і әйелдер.

Сенбі күні кешкі сағат 18:00 де отандасымыз Арман Әшімов пен испаниялық Кристян Горсиенің арасында кездесу өтеді. Сонымен қатар, дәл осы кеште Дмитри Кудинов пен Шавхад Рахмонов қырғызстандық сайыпқырандармен жұдырықтасады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here