Жамбыл ауданы Көкбастау ипподромында 3 күнге созылған ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Саят» ұлттық спорты түрінен «Сонар-2018» Халықаралық турнирінің ақтық сындары өтіп, жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Ата дәстүрді ғасырлар бойы сақтап, құсбегіліктің бай тәжірибесін қалыптастырған, 30 жылдық тарихы бар «Жалайыр Шора» бүркітшілер мектебін ашқан Жетісу жерінде өткен жарысқа алыс-жақын 9 мемлекеттен әуесқой және кәсіби 70 спортшы қатысты.

Осы күні бабы жарасқан тегеуріні мықты, тепкіні қатты ителгі, қанжығаны тоқ қылар қаршыға мен көк иесі, аспанның киесі саналатын қыран бүркіттер салған жерден жемтігін шап беріп, саятшылық өнерінің жоғары деңгейімен шет елден келген қонақтарды таң-тамаша етіп жатты. Біздің де көздегеніміз осы, Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру арқылы 3 мың жылдық тарихы бар ұлттық құсбегілік пен саятшылық дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды төрткүл дүниеге кеңінен насихаттау.

Жарыстың қорытындысына келер болсақ,
Ителгілер арасында:
3 орын алған — Шәріпов Медет (Алматы облысы)
2 орын — Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы)
1 орын — Ақжол Русланға бұйырды (Алматы қаласы)

Қаршыға ұшырғандар арасында:
3 орын — Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)
2 орын — Махмұтхан Сағи (Түркістан облысы)
1 орын — Атығай Ерасыл (Алматы облысы)

Бүркіт салғандар арасында:
3 орын алған — Бабажан Бағдаулет (Жамбыл облысы)
2 орынға қол жеткізген — Әбен Дулат (Алматы облысы)
Жеңіс тұғырына көтерілген — Нұрым Өмірбек (Шығыс Қазақстан облысы)

Барлық жеңімпаздарға ақшалай сыйлық, жүлдегерлерге кубоктар, медальдар мен арнайы дипломдар табысталды.

Қуаныш Ожаров.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here