Қарашадағы аяз аяз ба? Сақырлаған суықтар дәл осы желтоқсанда болмақ. Синоптиктердің хабарлауынша еліміздің кей бөлігінде сынап бағанасы -35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

1-2 және 4-5 желтоқсан күндері еліміздің батысы мен солтүстік батысында аяз күндіз 5, 10 градусқа, түнде 10, 20 градусқа төмендейді.

1-2 және 4-7 желтоқсан күндері еліміздің солтүстігі мен орталығында және шығысында аяз түнде 15, 25, 30 градусқа дейін күшейеді.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында, сондай-ақ, желтоқсанның соңына қарай еліміздің солтүстігінде 25, 35 градустық аяз күтілуде.

Ал, Талдықорғанда желтоқсандағы орташа көрсеткіш -12-15 градус шамасында болмақ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here