Бүгін Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өнерпаз, дарынды оқушыларға арналған «Музыка мектебі» ашылды. Салтанатты шараға Алматы облысының әкім Амандық Баталов арнайы келіп, тұрғындарды қуаныштты сәтпен құттықтады, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

– Бүгін, міне, мереке қарсаңында барлығымыз қуанышты жайтқа куә болып отырмыз. Мұндай еңселі ғимараттың салынуы – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білім беру жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінуінің айқын көрінісі. Жетісу өлкесі – өнерпаз тұлғалармен аты шыққан мекен. Бүгінде аға ұрпақтың ізін жалғастырып, өнер жолын таңдаған бүлдіршіндеріміз әртүрлі халықаралық байқауларда өнер көрсетіп, еліміздің абыройын асқақтатып жүр. «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу», — деген сөз бар. Осындай заман талабына сай салынған мектепте, өнер жолын таңдаған оқушыларымыздың өз шығармашылығын шыңдауға барлық жағдайды жасап отырмыз, — деді А.Баталов.

Сонымен қатар, облыс әкімі мереке қарсаңында өңірде 35 әлеуметтік нысан есігін айқара ашқалы отырғандығын атап өтті. Соның бірі – Талдықорған қаласындағы 300 орынды «Музыка мектебі». Осыған орай Амандық Ғаббасұлы аталмыш нысанға Ақын Сараның есімі берілетіндігін атап өтті.

«Біз жас ұрпақтың заманына сай білім алуы үшін барық қолда бар мүмкіндіктерді туғызып отырмыз. Ендігі кезекте осындай зәулім өнер мектебінде білім алатын балаларымыз жаңа табыстарымен қуантады деп сенім білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, әр шаңыраққа ынтымақ пен бақыт тілеймін! Мереке құтты болсын!», — деді.

Өз кезегінде сөз алған ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, дирижер Әли Алпысбаев, облыс әкімі Амандық Баталовтың үнемі өнер мен спорт саласына жанашырлық танытып жүретінін айтты. Сондай-ақ, осы өнер ордасынан болашақта елімізді әлемге танытатын Димаш Құдайберген сияқты таланттыр шығуына тілектес екендігін жеткізді.

Одан кейін жиналған көпшілікке облыстың Құрметті ақсақалы Әлімғазы Райымбеков ақ тілегін ақтарып, батасын берді.

Ғимараттың лентасы қиылғаннан кейін қонақттар жаңа нысанның ішін аралап көрді. Заман талабына сай жасалған мектепте барлық жағдай жасалған. Музыкалық аспаптардың барлық түрі бар деуге болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here