Талдықорған қаласында 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында волейболдан ардагерлер арасында «Жетісу кубогы» халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Дүбірлі додаға Қазақстан спортшыларымен қатар Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тыва, Бурятия, Татарстан елі жəне Орынбор қаласының құрама командалары қатысады.

Брифингке келген Алматы облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев, облыстық волейбол федерациясының атқарушы директоры Рашит Парманов жəне Талғат Өмірбеков жарыстың өту барысымен таныстырып, жетісулық жанкүйерлерді ойынды тамашалауға шақырды.

Айта кетейік, турнир Алматы облысы əкімдігінің қолдауымен өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 2 200 000 теңге. Жарыс «Жастар» спорт кешенінде өтеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here