Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында  Оқушылар сарайында «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім» фестивалі  -Tіlіm — tіregіm, soǵyp turǵan júregіm» tіl festıvalі  өтті.

Шарада  «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы жөнінде Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Эльмира Мұқышева баяндады.  «Құрметті Тіл фестиваліне қатысушылар!  ҚР Президенті Н.Назарбаев қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады,-деп атап көрсетті. Осылайша, тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз  — туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі.

Талдықорған қаласы бойынша 2018 жылға бекітілген жұмыс жоспарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырып, жаңа әліпбиге көшу басты назарға алынған. Латын әліпбиі — қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Біздің ұлттық сана-сезіміміз, рухани даму, өркендеу жолымыз, осының барлығы қазақ тілінің жаңа әліпбиінен басталады.

Қаладағы барлық мекемелер, қала оқу орындары, ардагерлер ұйымы мүшелерінің қатысуымен 50-ден астам тілдік іс-шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ, барлық мектептерде «Ел -бүгіншіл, менікі — ертең үшін» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді. Астана қаласының А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Ш. Шаяxметов атындағы «Тіл-қазына» жұмысшы тобымен xалықаралық ғылыми-практикалық конференция, тіл мамандарының қатысуымен дөңгелек үстелдер, түсіндірме жұмыстар, акциялар ұйымдастырылды»,-деді мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Ал 14 қараша күні еліміз бойынша жалпыхалықтық диктант жазу шарасына Талдықорғаннан 15 мыңнан астам адам қатысты. Мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесінің ауқымы өте кең. Атап айтар болсақ, тілдің бір ғана ономастика саласы – құрамдас бөліктерге атау беру, қалада орналасқан  барлық нысандардың ішкі және сыртқы көрнекі ақпаратты қамтиды. Сонымен қатар, 2017 жылдан бері атауы жоқ жаңа тұрғын үй алаптарына атау беру жұмысы қолға алынды. Мәселен, 6 шағын ауданына — «Болашақ», 7 — «Көктем», 8 — «Бірлік»,  1-ші әскери қалашыққа — «Ұлан» және 9 әскери қалашыққа — «Жұлдыз» жаңа атаулары берілді.

Үстіміздегі жылы Алматы-Талдықорған тасжолының 0,3 шақырымға дейін  «Қадырғали Жалаири» даңғылы, «Көктем» шағын ауданында орналасқан жаңа көшелерге — «Бәйкен Әшімов», «Зылиха Тамшыбай» және «Астана» даңғылы, «Балауса», «Батыс», «Жігер» атаулары пайда болса, «Коттеджді қалашық» тұрғын үй алабына — «Береке» атауы, «Шайқорған» тұрғын үй алабының №3 жаңа көшеге — «Әбікен Сарыбаев», №5 жаңа көшеге — «Доланалы»,  № 13 жаңа көшеге — «Қойлық», № 14 жаңа көшеге — «Байғазы» атаулары берілді.

«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын басшылыққа ала отырып,  қала және қалаға қарасты елді мекендердің көшелері бойынша жаңа QR-кодтарымен 3161 көше аншлагтары орнатылды.  Тілдік шараларға қатысып, облыстық байқауларға жолдама алған 12 жүлдегердің 10-ы жеңімпаз атанды. «Текті сөздің төресі-терме» атты республикалық байқауға бір жүлдегер қатысып, арнайы  марапатты иеленді.  Қалалық газетте жыл басынан бері 65 мақала жарық көрді.

Шара барысында мемлекеттік тіліміздің өркендеу жолында  тер төгіп жүрген мұғалімдер, оқытушылар, мекеме қызметкерлері, ардагерлер ұйымының белсенділеріне қала әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлығы табысталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here