Талдықорғандық әскери қызметшілер арасында бильярдтан жарыс өтті

0
70

Талдықорған қаласының «Жастар» спорт сарайында Әскери полиция бөлімінің ұйымдастыруымен әскери бөлімдер арасында бильярдтан жарыс өткізілді.

Аталған жарысқа Талдықорған гарнизонында орналасқан әскери полиция, 54380, 18404, 21751, 48386, 18386, 15603, 5514 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қатысты. Ойыншылар командалық және жеке дара  бақ сынасып, шеберліктерін паш етті. Талдықорған гарнизоны бойынша Әскери полиция бөлімінің капитаны Ерлік Несіпбаев мұндай спорттық сайыстардың бір гарнизонда орналасқан әскери бөлімдер арасында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатынын атап өтті.

Аталған жарыс салауатты өмір салтын ұстануға, әр әскери бөлімдердегі әскери қызметшілер арасында достық байланысты нығайтуға бағытталған. Жарыста озық шығып, Әскери полиция бөлімінің беделін көтерген майор Н.Рахметов, майор С.Молдаханов, капитан Н.Әміровтың кәсіби шеберліктерін ерекше атап өткен жөн, — деді капитан Е.Несіпбаев.

Жарыс қорытындысы бойынша белсенділік танытып, командалық есепте 1-ші орынға Әскери полиция бөлімі шықса, 2-орынды 21751 әскери бөлімі иемденді, ал 54380 әскери бөлімінің қатысушылары 3-орынды қанағат тұтты. Жеке дара рейтингі бойынша Талдықорған гарнизоны Әскери полиция бөлімінің офицері майор С.Молдаханов бірінші орынға ие болды. Жеңімпаздар арнайы кубокпен және грамоталармен марапатталды.

Алматы облысының ҚІД баспасөз қызметі

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here