Күдіктілер қоғамдық көліктер мен базар маңын жағалап, үнемі халықтың қалтасындағы тиын-тебеніне қол салумен айналысқан. Олардың үшеуі де Алматы облысына қарасты  Көксу ауданының тұрғыны.

Облыстық  ІІД баспасөз қызметінің өкілі Айгерім Көпбаеваның айтуынша, ұрылар 24-26 жас аралығында. Бұрын да  ұрлық жасағандары үшін заңды жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі кезде қолға түскендердің үстінен қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен бірге олардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

Анықталғандай ұрылар соңғы бір айдың ішінде базарда, қоғамдық көліктерде 13 мәрте ұрлық жасап, жәбірленушілерге жарты миллион теңгеден астам шығын келтірген. Тергеу аяқталған соң олардың ісі бойынша құжаттар сотқа жолданбақ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here