Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес «Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды».

Осыған байланысты, алдымызда келе жатқан мереке күндері қарсаңында аталған фактілер орын алған жағдайда сыйлықтарды уақытылы уәкілетті мемлекеттік мүлік және жекешелендіру мекемесіне өткізу қажет екенін қатаң ескертеміз.

р/н

Атауы Адресі
1 ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті

 

040000,

Талдықорған қ-сы,

Біржан сал көшесі 130/132

8-7282-24-24-91

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here