Еліміздің бас партиясы, игі істер мен тың бастамалардың көшбасшысы «Нұр Отан» партиясының іргетасы қаланғанына 20 жыл толып отыр. «Нұр Отан» нақты нәтиженің, қайырымды істердің жанынан табылғандықтан, үнемі халықтың көңілінен шығып келеді. Қазақ халқының темірқазығы, сүйеніші болған «Нұр Отан» ел дамуы жолындағы түрлі стратегияларды қалтқысыз жүзеге асырып, дамудың дара жолында ең қуатты саяси күшке айналды. Ең ұлы жол шағын қадамнан басталатындығын ескере келе, осы 20 жылдың ішінде қаншама батыл қадамдар, сенімді серпілістер мен жоғары деңгейде ұйымдастырылған шаралар ел мерейін асқақтатып, қазақ елін әлемге танытуге зор үлес қосып келеді. Бастысы, «Нұр Отан» көпұлтты мемлекеттің ауызбірлігін нығайтып, кез келген жүкті жұмыла көтеруге шыңдады әрі ынтымақтастығымызды арттыруда. Қазақта: «Елің қуатты болса, бағың тұрақты болады» деген нақыл сөз бар. Ендеше, қуатты елдің тұрақты серігі «Нұр Отанның» келешегі кемелді, болашағы жарқын болсын деп тілек қосамыз.

Жамал Нұрлыбаева,

Талдықорған қалалық маслихатының депутаты,

депутаттық фракция жетекшісінің орынбасары.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here