Қапшағай қаласында халық тұтынып отырған жылу жүйесіндегі қызмет 77 пайызға төмендетілді. «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының ғимаратында Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырған тұрғындармен қоғамдық қабылдауында осы мәлімет белгілі болды. Қабылдаудың мақсаты – бұл халықты тарифтердің ашықтығымен қамтамасыз ету.

Көпшілік қабылдауы барысында 30-ға жуық шағым келіп түсіп, оның басымы тұрғын үйлердегі жылуға байланысты болды. Нақтырақ айтсақ, көпшілік тұрғын үйлері маусым басталғалы суық, жылымай келетін көрінеді. Соған орай, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлнәр Шарапиева, «Қапшағай жылу» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің басшысы Сейдахмет Даданбековке жуық уақытта бұл мәселенің себебін анықтап, олқылықтың түбегейлі жойылуына тапсырма берді. Өз кезегінде, «Қапшағай жылу» мекемесінің директоры: «Әр тұрғын өз үйіне маусым басталысымен ұқыптылық білдіргені абзал. Өйткені, көпшілігі ауа қысымын реттемейтін сыңайлы. Соның салдарынан бір-екі бөлмесі жылып, қалғаны суып жатады. Осы күні бірнеше үйде болып, осындай келеңсіздіктер орнына келтірілді. Енді алдағы кезеңде қаладағы барлық үйлерге рейд жасалып, кеткен кемшіліктер реттелетінін»- жеткізде. Осы орайда,айта кету керек,
-«Биыл Алматы облысы прокуратурасы мен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті мамандарымен «Қапшағай жылу» мемлекеттік мекемесіне тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Соның нәтижесінде департаменттің бұйрығымен, осы жылдың қазанынан бастап, бекітілген тарифтерді 77 пайызға түсіру бұйрығы шықты. Бұл қабылданған шаралар бүгінде сотта қарастырылуда. Сот ісі аяқталған соң, қосымша халыққа нәтижесі жария болады. Қазіргі таңда аймақ тұтынушыларға орта есепті бағамды уақытша тариф көрсеткіші құралдары барларға 1 Гкалға 764 теңге болды. Сонда 2 565,92 тенге арзандады. Есептегіш құрылғылары жоқтарға 1493 теңгеге төмендеді. Ол 5012 теңгеге арзандағанды байқатады» — дейді, аталмыш департамент бөлімінің басшысы Айжан Сәрсембайқызы.
Жалпы, халыққа арналған қоғамдық қабылдауға келген департамент мамандары алдыларына келген тұрғындардың мәселелерін тыңдап, өздерінің тұщымды кеңестерін беріп, көпшілік ішінен наразылық білдіргендерден жазбаша өтініш-арыздарын да алды. Алдағы уақытта, олардың талаптары тиісті мекемелермен қарастырылып, сол азаматтарға нақты жауаптар жазбаша күйінде жеткізілмек. Одан басқа, көгілдір отынға қосылуға, жер үйлерге де орталықтандырылған жылу жүйесі жүргізілсе деген өтініш-тілектерде болды. Оғанда департамент мамандар өздеріне қатысы жоқ болса да бұған да бей-жай қарамай, қара халықтың уәжін мұқият тыңдап, оған жауапты мекемелерге тілектерін жеткізетінін айтып тарасты. Өткізілген қоғамдық қабылдауға Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлнәр Әділқызы, аталмыш департамент бөлім басшысы Айжан Сәрсембайқызы, «Қапшағай Су Арнасы» директоры Мәди Темірәлиев, «Қапшағай жылу» мекемесінің басшысы Сейдахмет Даданбеков және БАҚ өкілдері қатысты. Осы ретте, бүгінде Қапшағай қаласында 238 көп қабатты үй болса, оның 214-і есептегіш құралмен қамтылып, қалған 24-інде жоқтың қасы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here