Қазақстан халқының саны 18 миллион 334 мың 300 адамға жетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетіндегілердің мәліметінше, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 миллион 334 мың 300 адамға жеткен. Соның ішінде қалалықтар — 10 597,2 мың (57,8 пайыз) және ауылдықтар — 7 737,1 мың адамды (42,2 пайыз).

«2017 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда халық саны 237,4 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. Ең көп өсім республикалық маңызы бар қалаларда: Шымкент қаласы (67 429 адам), Алматы қаласы (55 139 адам) және Астана қаласында (40 113 адам) тіркелді», — деді комитеттегілер.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here