Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы айлық жарияланды. «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне байланысты қараша айының 9-ы мен 9 – желтоқсан аралығында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Игі бастама сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оған қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған. Бұл туралы Талдықорғандағы Өңірлік коммуникациялар қызметі  алаңында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды.

БАҚ өкілдері алдында сөз алған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жандос Жұмабаев: «Жалпы, осыған дейін аймақта шамамен қырықтан астам іс-шара өтті. Мұндағы мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп,  азаматтардың, әсіресе, өскелең ұрпақ пен жастардың құқықтық санасы мен мәдениетінің деңгейін арттыру.

Бұл жолғы айлық аясында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі ашылып, «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында жаңадан бой көтерген театр сахнасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған кәсіби театрлық қойылым жұрт  назарына ұсынылады. Сондай-ақ, жыл басында департамент тарапынан облыстың барлық аудандары мен қалаларын қамтитын «Адал жол — Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны басталатын болады» –деді.

Қорытып айтқанда, аталмыш марафон азаматтар санасына сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру арқылы барлық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here