Қанат Бозымбаев үкімет отырысы кезінде елімізде газ және жарық тарифтерін арзандату үшін арнайы шаралар қолға алынғанын мәлімдеді. Энергетика министрінің айтуынша электр қуатының нарыққа енгізілуіне байланысты сектор үшін екі тарифтік әдістеме енгізілмек, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Энергия өндіретін ұйымдар электр энергиясының бағасын екі тарифке бөледі: электр энергиясына және қуатына. Электр энергиясына объективті, шекті тарифтерді белгілеу энергия өндіруші ұйымдардың сату бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.

«Тауарлық газ бойынша энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясына тарифтерін төмендету үшін министрлік бұйрық жобасын әзірледі. Бұл жобада тауарлық газдың шекті көтерме бағаларын төмендету көзделген. Біздің бағалауымыз бойынша көтерме сауда бағасын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап төмендету — тауарлық газдың түпкі бағасын өңірге байланысты газ пайдаланатын электр станциялары үшін 6-дан 15%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді», — деді Қанат Бозымбаев.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here