Аягөз қаласына тұратын Азанғали Тұраров есімді ақын ақсақал тап бермеде тауып айтар шешендігімен көпке мәлім.  Бірде  туған інісіндей жақын араласып жүрген Сабыр деген азаматтың әкесі Рамазан 105 жасқа келіп қайтыс болыпты. Бірақ  Азанғалиға  хабар берілмей  қалыпты.

Бір күні Азанғали  Аягөз қаласындағы «Айғыз» деген базарды жайбарақат аралап келе жатса  кездейсоқ Сабыр кездесе кетіпті. Сонда  әкесі қайтыс болғалы кездеспеген Азанғали оған:

«Әкең өтті дүниеден,

Жасы келіп жүз беске.

Хабар неге бермедің,

Қатынасты үзбеске.

Ортақ болып қайғыңа,

Отырушы ем бір кеште.

Топырақ салып қабырға,

Қояр едім гүлдесте» –деп, көңіліндегісін жеткізген екен.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here