Алматы облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау»  газеттерінің бас редакторлары ТМД елдерінде арнайы іс-сапарда болып қайтты.   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  қолға алынған бұл бастаманың  басты  мақсаты – тәжірибе алмасу. Игі шараны Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен аймақтағы ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған.

Осыған байланысты, Талдықорғандағы өңірлік коммуникациялар қызметінде арнайы баспасөз-мәслихаты өтті. БАҚ өкілдері алдында сөз алған  қос басылым басшылары сапар барысында жинаған журналистік тәжіриелерімен бөлісті. Нақтырақ айтқанда, сапар иелері ТМД елдерінің 4 қаласында, яғни, Беларус мемлекетінің Минск шаһарында, Ресейдің  Мәскеу, Украинаның Киев, Өзбекстанның астанасы Ташкентте болып қайтқан.

Ташкенттегі «Народное слова» газеті туралы өз ойын ортаға салған ақын Әміре Әрінұлы басылымның 150 мың таралыммен орыс тілінде шығатынын және онда жұмысшылар үшін барлық жағдай жасалғанын жеткізді. Ал,  Мәскеу қаласында таралымы  2 млн. 300 мыңды құрайтын «Комсомольская правда» газетінде болып қайтқан Забира Сайдильдина ондағы озық үлгідегі жабдықтар мен жетістіктерді тілге тиек етті. Сондай-ақ, Киев қаласында 375 мың таралымы бар «Вести» редакциясының ішкі жүйесін сараптап қайтқан Нүсіпбай Әдірахым ондағы жан-жақты дамыған теле-радио саласындағы жаңа технологияларды паш етті. Осыдан соң «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов Минск қаласындағы «СБ. Беларусь сегодня» басылымында әр салаға бөлініп жұмыс жасалатынын және ондағы мамандардың жанжақтылығы қызықтыратынын айрықша  атап айтты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here