Жаһандағы дамыған мемлекеттердің  тәжірибесін негізге алған  еліміз білім беру саласын цифрландыруға  көңіл бөле бастағаны мәлім.   Ақпараттық технологиялар — саналы, сауатты  ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады. Мұны үнемі Елбасы да айтып келеді.  Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Болашақтың университеті: цифрландыру және академиялық дәстүрлер» атты баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Шараға қатысқан  І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың инновациялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Пеэтер Ярвелайд пен халықаралық ынтымақтастық және инвестициялық жоба бөлімінің басшысы Райгүл Желдібаева қарашаның 8-9 күндері өткізілетін форум жайында баяндады.

Еуропалық Одақ пен Орталық Азия мемлекеттері оқу орындарының дамуы, озық тәжірибелерді тарату, білім беру үрдісін сандық жүйеге көшіру бойынша тәжірибе алмасу мақсатын көздейтін жиын Жетісу университетінің ректоры, профессор  Қ. Баймырзаевтың бастамасымен  өткізіледі.  Негізінен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қолдау мақсатында халықаралық байланысты нығайту, бірлескен білім бағдарламаларын құру, ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Пеэтер Мартовичтің айтуынша,  жоғары оқу орындары халықаралық ынтымақтастықты дамытатын  жаңа жобаларға қол жеткізеді деп күтілуде.  Университет оқытушылары мен студенттері ғылымдағы жаңашылдыққа ұмтылуда. Тіпті, шетелдік  жастар Қазақстанның тарихы мен оның ішінде Жетісу жеріне келіп,  бай табиғатымен танысып қана қоймай, қазақ тілін  үйренуге ден қоюы таңқалдырды,-деді. Сондықтан да,тәжірибе алмасып отыру үлкен істерге ұмтылдырады деп өз ойын білдірді.

Көптеген елдердің ректорлары  Қазақстанға алғаш рет келе жатыр.  Олар жиынның алғашқы күні ректорлар басқосуына қатысады. Шараға Эстония мемлекетінен Таллин университетінің ректоры Тиит Ланд, Паллас қолданбалы ғылымдар университетінің ректоры Валерий Нуст және де Латвия, Венгрия, Польша елдерінен, жақын шетелден Өзбекстан, Қырғызстан университетімен қатар  Шығыс Қазақстан, Қостанай,  әл-Фараби атындағы Ұлттық университет өкілдері қатысады.

Басқосуда  Еуропалық университеттердің сандық жүйеге көшуі, ғылым саласындағы жаппай байланыс жүйелерінің жаңа реформалары, халықаралық ынтымақтастық жолдары талқыланып, меморандумға қол  қойылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here