Теңдесі жоқ театр

0
223

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылып, қолданысқа берілді. Осы орайда  өнер майталмандарының пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.

Дереккөз

Талғат Теменов, театр және кино режиссері. Жетісу жеріндегі керемет театрдың ашылуы тек Талдықорған театрының ғана емес, барша қазақ өнеріне ортақ қуаныш. Шерхан ағамыздың “Театр көбейсе, түрме азаяды”, ұлы Ғабеңнің  “Театр — хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер” дегені бар. Бүгінгі ашылу салтанатына қатысқан өзімді бақыттымын деп есептеймін. Осы орайда өңірмен қатар өнерге де жан-жақты қолдау көрсетіп жүрген Амандық Ғаббасұлына алғысымды білдіремін.

 

 

Дереккөз

Алмахан Кенжебекова, Қазақстанның Халық әртісі. Бүгін біздің ең бақытты күніміз. Бұл шаңырақ халқымыздың бақ мекеніне айналары сөзсіз. Игілікті істі жүзеге асыруға рұқсат берген Елбасымызға, сөзінде тұрып, екі жылда қолданысқа берген Амандық Баталовқа рақмет.

 

 

 

Дереккөз

Ғалия Темербаева, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының директоры. Қазақта “ер азаматына қарап, халқын таны” деген бар. Облыс басшысы Амандық Баталовтың өнерге деген қолдауы ерекше.  Баршаңызға мәлім, екі жыл бұрын осы ғимараттың қазығын қағып, іргетасын қалаған едік. Бүгін міне “ақ түйенің қарны жарылып”, жүрегіміз толқып, өңіміз бе, түсіміз бе деген қуанышты жағдайдамыз. Бұл біздің ғана емес күллі Жетісу жұртшылығының қуанышы. Жағымды жаңалықтарымыз мұнымен шектеліп қалмайды. Биылғы маусымға үш бірдей қойылымды дайындап отырмыз. Жетісулық көрерменді талай тың туынды күтуде. Сіздер үшін театрымыздың сәулетті жаңа ғимаратының есігі әрдайым ашық.

Дереккөз

Әлихан Ыдрышева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ең әуелі өміріміздің басым көпшілігі өткен қара шаңырақ ескі ғимаратымызға  рақмет. Талай өнер майталмандарының қанатын қатайтып, биікке самғатқан киелі мекен.  Мәңгі жүрегімізде сақталары анық. Амандық Баталов театрдың жаңа ғимаратын салу туралы бастаманы көтергенде сенер-сенбесімізді білмей қалдық. Бұл, әрине қуаныштан. Дәл осындай бақытты сәтті өзге өнер ұжымдарына да тілейміз. Театр деген өнер ордасы. Жас ұрпақты тәрбиелейтін орын. Осындай сәні мен сымбаты келіскен заманауи шаңыраққа ие болу біз үшін үлкен мәртебе. Жаңа театрдың сахнасына табанымыз тиіп, осы күнге жеткенімізге қуаныштымыз. Дәл қазіргі таңда бізден артық бақытты адам жоқ шығар.

 

Дереккөз

Абай Нұғманов, ҚР мәдениет қайраткері. Барша қауым республика бойынша теңдесі жоқ ғимарат деп бағалауда. Онысы рас. Өзіміз әлі сене алмай жүрміз. Төбеміз көкке екі елі жетпей тұр. Театрымыз мәңгілік болсын.  Жақсы туындыларымызбен көрермендерімізді одан әрмен қуантсақ, жастарымыз Жетісудың атын Қазақстанға ғана емес, әлемге паш етсе екен деген арманымыз бар. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бұл — арман театр.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here