Көрермен “Войцек” қойылымын тамашалады

0
146

31 қазаннан бастау алған  Астана қаласының 20, Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына орай Орталық Азия елдерінің VII халықаралық театр фестивалі өтуде. Айта кетейік, өнер мерекесі 6 қарашаға дейін жалғасады. Күні кеше фестиваль аясында Азамат Сатыбалдының жетекшілігіндегі “28 Театр” Г.Бюхнердің “Войцек” қойылымын ұсынды.

Дереккөз

Театр тарландарының айтуынша бұл туынды қанша уақыт өтседе өзектілігін жоғалтпаған әлем драматургиясының жауhары саналады. Айтары мол, бағыты өзгеше. Спектакльде басты кейіпкердің қасіретті тағдыры арқылы біз өмір сүріп жүрген заман адамдарының (әр типтегі) бет-бейнесі көрсетіледі. Қойылым барысында жауын жауып, топырақтың шашылуында, әрбір қимыл-қозғалыс ритмінде мән-мағына бар. Біреулер балшыққа (күнаға) батып жатса, енді бірі тазаруда.

 

Дереккөз

Войцек – Азамат Сатыбалды, Мария – Ажарлым Бақытжанова, Тамбурмажор – Асан Мәжит, дәрігер – Данияр Базарқұлов, капитан рөлін  Нұржан Әбубәкір сынды танымал  актерлер сомдайды. Режиссері Дина Жұмабай. “Егер қалыпты шешетін болсақ, барлығымыздың ішімізде сол анайылық, зинақорлық,  жамандық бәрі  тұр. Соны көрерменге көрсетуге барынша тырыстық. Әрбір көрермен спектакльді көргенде ойлануы қажет”-дейді Азамат Сатыбалды. “Адамзат, жаратылысыңды ұмытпа! Күлден, құмнан, балшықтан жаратылғансың. Адам, қашанда адам болып қалуы керек”.

Дереккөз

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here