Күн  өткен сайын  елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында электрондық қызмет көрсетудің ауқымы артуда.   Енді, пәтер және үй иесі өзінің пәтерінде немесе үйінде тіркелген барлық адамдар туралы ақпаратты бір анықтама арқылы алады.

Бұл  туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі уақытта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен Ішкі істер министрлігі бірігіп eGov.kz порталында «Мекенжай бойынша тіркелген азаматтар туралы анықтама беру» атты жаңа қызмет түрін ұсына бастады. Аталған қызметті пайдалану үшін тұрғын үй иесі eGov.kz порталына кіріп, «Жылжымайтын мүлік – Тұрғын үй қатынастары» бөлімінде қызметті таңдап, оған тапсырыс береді. Осыдан соң, көрсетілген тізімнен жылжымайтын мүліктің тиісті объектісін тауып, SMS-пароль немесе ЭЦҚ арқылы тапсырысын растайды.  Бұл қызмет халыққа  тегін көрсетіледі. Әрі  оған жұмсалатын  уақыт 15 минуттан аспайды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here