Алматыда «Алтын қалам» тәуелсіз әдеби жүлдесінің иегерлері анықталды. Аталмыш жүлденің «Қазақтың үздік романы» аталымын талдықорғандық танымал жазушы, ақын, журналист Айдын Кәлімханның «Қашқын» деректі романы жеңіп алды.

Ал, «Жылдың үздік прозасы» аталымында тағы бір талдықорғандық жазушы, танымал журналист Есболат Айдабосынның асығы алшысынан түсті. Байқаудың қазылар алқасы Есболаттың «Ит тірлік» атты шығармасын бірауыздан үздік деп таныған.

«Қашқын» романы Қытайда жазықсыз жапа шеккен Сағидолла Досжанұлының өмірінен сыр шертеді. Атамекенін аңсаған азаматтың Такламакан шөліндегі «Тарым» түрмесінен 3 рет қашып шығып, ақырында қазақ даласына жеткені жайлы жазылады. Оқиға 1960 жылдардың ішінде болған.

Айдын Кәлімхан 1969 жылы ҚХР ШҰАР Тарбағатай аймағы Толы ауданында дүниеге келген. 1991-1994 жылдары осы өлкедегі Радио-теледидар мемлекеттік университетін Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған. ҚР Журналистер одағының және ҚХР Жазушылар одағының мүшесі. Облыстық, республикалық, халықаралық 30-дан астам жыр мүшәйраларының және басқа да шығармашылық байқаулардың жеңімпазы. Елімізде және шетелдерде жарық көрген бірнеше кітаптың авторы. 2017 жылы отандық журналистиканы дамытудағы көп жылдық жемісті еңбегі және қомақты үлесі үшін ҚР журналистер одағының арнайы «Құрмет» грамотасымен, бірнеше мәрте Алматы облысы әкімінің Алғыс хатымен, Талдықорған қаласы әкімінің «Құрмет» грамотасы, және Алғыс хаттарымен марапатталған. Еңбек жолын (1989-2003) ҚХР-да мәдениет және кәсіподақ мекемесінде бастап, «Тарбағатай» газетінің меншікті тілшісі болған. Талдықорғанда (2008-2012) «Алатау» газетінде тілші, әдебиет бөлімінің меңгерушісі болған. 2012-дан қазірге дейін «Талдықорған» газетінде журналист болып қызмет атқарады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл бұл байқау тоғызыешы рет өткізіліп отыр. Байқау аталымдары бойынша 900-ге тарта жұмыс түскен. Ол жұмыстарды оқырмандар мен қазылар алқасы 9 айға жуық саралап, үздіктерін анықтаған. Жұмыстармен «Алтын қалам» әдеби байқауының Akalam.kz сайтынан танысуға болады.

Сонымен, «Алтын қалам 2018» жүлдесінің жеңімпаздарымен таныс болыңыздар:

«Жылдың үздік кино сценарийі және драматургиясы» — Дүйсен Кеңес (Алматы);

«Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер әдебиеті «Дарабоз» — Бекен Ыбырайым (Алматы);

«Жылдың үздік сатирасы» — Қанағат Әбілқайыр (Алматы);

«Жылдың үздік фантастикасы және детективі» — Нұртөре Жүсіп (Астана);

«Жылдың үздік прозасы» — Есболат Айдабосын (Талдықорған);

«Қазақтың үздік романы» — Айдын Кәлімхан (Талдықорған);

«Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбек үшін» — Дулат Исабеков;

«Лучшая поэзия года» — Лариса Калмагамбетова (Алматы);

«Лучшая проза года» — Дина Валуйских (Қарағанды);

«Лучшая детская и подростковая литература года «Дарабоз» — Жанаргуль Айзакова (Алматы);

«Лучшая сатира года имени Есенжола Домбай» Аркадий Теплухин (Алматы);

«Лучшая фантастика и детективы года» — Николай Бычков (Өскемен);

«Лучший кино сценарий и драматургия года» — Лариса Кольченко (Петропавл).

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here