Алматылық «Қайрат» ресейлік «Уфа» футбол клубының сапында ойнап жүрген Еркебұлан Сейдахметті бір миллион евроға сатып алуды жоспарлап отыр, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Бұл туралы kazfootball.kz порталы жазған. Ресей премьер-лигасының бірінші айналымы аяқталғаннан кейін «Қайрат» командасы қазақтың Мессиі атанып кеткен шабулдаушы Е.Сейдахметті миллион евроға сатып алуы мүмкін.

Айта кетейік, «Уфа» құрамында ойнаған Еркебұлан үш матч өткізіп, 2 ескерту алған. Қазақстан премьер лигасында ол «Тараз» үшін 15 матч өткізіп, бір гол салған болатын. Ал, Ұлттық құрамада ойнаған қазақстандық шабуылшы 6 матч өткізіп, екі гол соққан.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here