ҚР  Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Алматы облысы әкімдігінің қолдауында Талдықорған қаласында «Шертпе күй» республикалық фестивалі басталды. Салтанатты шара Елордасы Астананың  20 жылдығына арналған.  Фестивал аясында Тәттімбет Қазанқапұлы атындағы «Қырық буын қосбасар» атты арнайы күй сайысы ұйымдастырылмақ. Дүбірлі  додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 16 мен 45 жас аралығындағы  30-дан астам шертпе күй шебері қатысып өз өнерлерін паш етпек.

Баспасөз мәслихатында сөз алған қазылар алқасының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, дәулескер күйші Жанғали Жүзбай: – « Жалпы «Шерпе күй» сайысы бұрын да бірнеше мәрте өткен. Ал, республикалық деңгейде, ұлтымыздың ұлы мұрасы ретінде тұңғыш рет ұлықталып отыр. Қазақтың қанын да, жанын да, салт- дәстүр, әдеп-ғұрпын бір ауыз сөзсіз түсіндіретін ерекше құдірет ол – күй. Күй өнері тек қазаққа ғана тән баға жетпес асыл мұра. Бүгінде Алтайдан Атырауға,  Арқадан Алатауға дейін ірге тепкен халқымыздың арасында шерпе күйдің орындаушылық негізін салып, мектебін қалыптастырушы Байжігіт, Бейсембі, Тәттімбет, Қожеке, Сүгір сынды ұлы күйшілердің есімі кең тараған. Біз ата-бабадан жеткен сол мұраны кейінгілерге жеткізушілерміз. Бүгінгі  рухани жаңғыру аясында қолға алынған күй фестивалінің киелі Жетісу жерінен басталуының өзі зор қуаныш. Мен барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін» –деді.

Екі күнге созылатын сайыстың алғашқы сатысында әр қатысушы 4 күй орындап ақтық сынға жолдама алады. Онда топжарғандар ерекше сый-сияпат және арнайы жүлделермен марапатталатын болады – дейді ұйымдастырушылар.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here