Сарыағаштық шекарашылар құны 5 400 000 теңге тұратын контрабандалық заттың және 40 100 АҚШ долларының елден шығуына тосқауыл болды

0
123

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Сарыағаш шекара отрядының «Сарыағаш» теміржол көліктерін өткізу бөлімшесінің шекара наряды «Рыбачий — Ташкент» бағытымен кетіп бара жатқан пойыздың вагонынан Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.

Дереккөз

Ол өзімен бірге Мемлекеттік шекарадан 5 400 000 теңгенің декларацияланбаған тауарларын (449 дана газ құбырының есептегішін) жасырын алып өтпек болыпты. Тауар тәркіленіп тиісті орындарға өткізілді. Артынша «Қазығұрт» автокөліктерді өткізу бөлімшесінен хабар келді. Ол жердегі шекара наряды елден шығып бара жатқан, жүргізушісі Өзбекстан азаматы, Лексус 570 автокөлігін кеден қызметкерлерімен бірге тексеру кезінде 40 100 АҚШ долларының заңсыз әкетіліп бара жатқандығын анықтаған. Акт жасалынып, тиісті орындарға тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің  баспасөз қызметі

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here