Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев айына 476 580 теңге жалақы алады, бұл ең төменгі 17 жалақыға тең, — деп хабарлайды Tengrinews.kz cайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

2018 жылдың мамырынан қыркүйек айына дейін облыс орталығының басшысы 2 839 294 теңге алған. Бұл мемлекеттік мерекелерге орай екі сыйлықақыны ескергендегі сома. Оның жалақысынан бюджетке 244 224 теңге аударылған.

Қала басшысы салықтың уақытылы төленуін қатаң бақылап отыратыны және салықтың барлық түрін мерзімінен кешіктермей төлейтіні анықталды.

«Жалақының негізгі бөлігі отбасын керек-жарақпен қамтамасыз етуге жұмсалады: екі студент баласын тәрбиелеу, коммуналдық және басқа да шығындары бар», — делінген әкім Дастан Шалтабаевтың баспасөз қызметіндегілердің жауабында.

Айта кетейік, Ақмола облысы бойынша облыс орталық әкімінің айлық көрсеткіші 2018 жылы 451 627 теңге болса, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов айына 967 672 теңге алады. Ал, Павлодар қаласының әкімі Әнуар Көмпекеевке 462 245 теңге мөлшерінде жалақы төленеді.

1 КОММЕНТАРИЙ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here