Чеxия мемлекетінің Острава қаласында өткен джиу-джитсудан ересектер арасындағы Әлем чемпионатында Алакөл ауданының спортшысы Айбол Аxметов күміс жүлдеге қол жеткізіп, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.

«Айбол байрақты бәскелерде өзін жақсы қырынан көрсетіп жүр. Өзінің қайтпас қайсар мінезімен талай рет көк туымызды биіктен желбіретті. Оның жаттығу кезіндегі төзімділігі өте жоғары, қандай қиындықтар болмасын шыдамдылық таныта біледі. Алдағы уақытқа әлемдік ареналарда жұлдызы жанып, еліміздің мақтанышына айналатынына сенімдемін», — дейді спортшының бапкері Арнұр Нұрланұлы.

Айта кетейік, небәрі, 20 жастағы Айбол бүгінде Ұлттық жекпе — жектен Қазақстанның бірнеше дүркін жеңіпазы және жүлдегері. Азия чемпионы. «Алтын» белбеу иегері. Джиу-джитсудан Қазақстанның 8 дүркін және Азия біріншілігінің жеңімпазы. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here