«Үздік жасырын сатып алушы» байқауын өткізу туралы ереже

0
192

                                                      Жалпы ережелер

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің тапсырысы бойынша «Ізгілікті істер» қоғамдық қорымен «Жасырын сатып алушы» әдісімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің  сапасына, қызмет көрсетушілермен Әдеп кодексі талаптарының сақталуына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуіне қоғамдық мониторинг бойынша «Үздік жасырын сатып алушы» байқауы өткізіледі.
  2. Байқаудың мақсаты – көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында әкімшілік кедергілерді, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық фактілерін, қызмет берушілермен Әдеп кодексі талаптарын бұзу, қызмет алушыларға қолайлы жағдайлардың жасалмау фактілерін анықтау болып табылады.
  3. Жеңімпаздар байқау комиссиясының шешімімен анықталады.

                                               Байқауға қатысу шарттары

  1. Байқауға Қазақстан Республикасының барлық азаматтары, сонымен қатар азаматтығы жоқ адамдар қатыса алады.
  2. Байқауға Алматы облысының мемлекеттік қызметтерді көрсету нысандары мен салаларында «Жасырын сатып алушы» әдісімен қызмет алу барысында жазып алынған аудио және бейнежазба материалдар қабылданады.
  3. Аудио және бейнежазба материалдарға қосымша болған оқиға бойынша «Microsoft Word» форматында сақталған мемлекеттік немесе ресми тілде тексттік ақпарат тапсыру қажет (14 шрифт «Times New Roman» 1 парақтан аспайтын).
  4. Байқауға ұсынылатын жұмыстар саны шектелмейді.
  5. Байқау тақырыбына және талаптарға сәйкес келмейтін материалдар немесе ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар Байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылмайды.
  6. Байқауға жіберілген материалдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен одан әрі жұмыста пайдаланады.

                                         Байқау комиссиясын құру

  1. Байқау комиссиясының құрамын «Ізгілікті істер» қоғамдық қорының төрағасымен бекітіледі, комиссия төрағасын қосқанда кемінде бес мүшеден тұрады.
  2. Байқау комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің, басқа да мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

                                      Байқаудың өту кезеңдері

  1. Ұйымдастырушы байқауды өткізу және оның қорытындысы туралы хабарландыруды интернет-ресурстар мен бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.
  2. Байқауға қатысушылар осы ереженің қосымшасына сәйкес сканерленген түрде өтінімді, аудио- бейне материалдар, тексттік ақпаратты бірге қосып электрондық пошта арқылы жолдайды.
  3. Байқауға қатысатын материалдар түпнұсқа түрінде жолдануы тиіс.
  4. Байқауға материалды қабылдау – 2018 жығы 8 қазаннан 2018 жылғы 8 қарашаға аралығында жүргізіледі.

                                              Байқау материалдарын қарау

  1. Материалдарды қабылдау аяқталғаннан кейін байқау комиссиясы байқауға қатысатын материалдарды қарайды.
  2. Байқау комиссиясы материалдар қабылдаудың соңғы күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде қарайды.

                                                           Қорытындылау

  1. Байқау жеңімпаздарын жариялау келесі номинациялар бойынша іске асырылады:

1) Бірінші орын;

2) Екінші орын;

3) Үшінші орын.

Жеңімпаздар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті және «Ізгілікті істер» қоғамдық қорының дипломы  және естелік сыйлықтармен марапатталады.

                                                    Байланыс ақпараты

040000, Алматы облысы, Талдықорған қ., Тәуелсіздік көшесі, 75, каб.109, тел. 8 (7282) 24-01-99, 24-01-66 электрондық мекенжай ltpkonkurs@mail.ru, (аудио және бейнежазба материалдарын, мәтіндік құжаттарын ұсыну үшін).

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here