«Латын әліпбиі: ізденіс, даярлық» атты семинар өтті

0
163

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі: ізденіс, даярлық» атты семинар-тренинг өтті.

семинар
Дереккөз

Жиынға А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлері мен облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов қатысты. Алғаш боп сөз алған Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Карбозұлы «Төл әліпбиден төл сөз қалыптасады, төл сөзден ұлт тілі қалыптасады. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі біздің төл тарихымыздың қазығы екенін осы уақытқа дейін айтып келеміз. Ендеше, тарихымыз бен тіліміздің сабақтасар сәтіне барша қауым аса үлкен даярлықпен қадам басуы керек», — деді. Шара барысында терминология бөлімінің меңгерушісі, доцент, ф.ғ.д. Қарлығаш Айдарбек «Латын әліпбиі және терминжасам ұстанымдары», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, доцент, ф.ғ.д.  Ботагөз Сүйерқұл «Қазақ әліпбиінің өзекті мәселелері», аталмыш институттың терминология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері,  ф.ғ.к. Бауыржан Жонкешев «Латын графикалы қазақ әліпбиі және баламасыз терминдерді игеру жолдары» сынды тақырыптарда баяндама жасады. Ботагөз Сүйерқұл «Қазіргі таңда ғалымдар төл әліпбиіміздің дұрыс қалыптасып,  олқылықтардың орнын толтыру жолында жүйелі жұмыстар атқаруда. Осы ретте бірқатар оқулықтар, даярлық топтары әзірленуде. Сол себепті, үлкен маңызы бар қадамнан кішігірім қиындықтарға бола бас ала қашудың қажеті жоқ. Әр азаматтың патриоттық сезімі мен мызғымас сенімі болса, қазақ елінің бағындырмас асуы жоқ. Бұл кезеңде әсіресе ұстаздар қауымына артылар жүктің салмағы басым. Көкейлеріңізде жүрген ой-пікір, ұсыныстарыңызбен міндетті түрде бөлісуге шақырамын »-деп 5 блок бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, орфографиялық және әдістемелік жұмыс тобының қарауындағы шешілуі қиын мәселелер жөнінде атап өтті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here