Мемлекет басшысы бұл жолғы Жолдауында Қазақстанның одан әрмен дамуына ерекше көңіл бөлді. Сондай-ақ, халық тұрмысын жақсартудың тың жолдары ұсынылды. Атап айтсақ, Елбасымыз өзінің үндеуінде білім мен денсаулық, спорт пен мәдениет, сонымен қатар басқа да әлеуметтік маңызы бар салаларды жан-жақты өркендетуге тың серпін  берді.

Соның ішінде министірлікке сопорт саласына барынша мүмкіндік қарастыру керек екендігін айтты. Одан бөлек, қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулалар мен саябақтарды жабдықтау қажеттігін ерекше ескертті. Яғни, бұл өз кезегінде жастарымыздың салауатты өмір салтын бекем ұстауына жағдай жасайды және спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыратыны айдан анық.

Мерей Сүйінов,

каратэдан Әлем және Азия чемпионы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here