Бүгін «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасының келісімімен партияның Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Аманжол Жазықбаев тағайындалды.

Аманжол Тоқтарұлы 1984 жылы туған. 2008 жылы І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-ды қаржы мамамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылы құқықтану мамандығының магистірі.

Жалпы, жұмыс өтілі 10 жыл. Еңбек жолын «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалында жастар ісі жөніндегі кеңесші болып бастаған. Содан бері партияда саяси қоғамдық бөлімінің кеңесшісі, қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі және бөлім басшысы қызметін атқарған.

Талдықорған қалалық филиалының төрағасы Дастан Шалтабаев Аманжол Тоқтарұлын жұмыс бөлмесіне салтанатты түрде отырғызып, ақ жол тіледі.

Ал, бұған дейін осы қызметті атқарған Асия Тұрсынқызы зейнет жасына байланысты, құрметті демалысқа шықты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here