Тәрбие кілті-отбасында

0
108

Жаңа оқу  жылы басталысымен  еліміз бойынша  оқушы балалардың  ата-аналарына арналған «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-аналар: Өз балаңа үлгі бол» атты республикалық конференция ұйымдастырылды. Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы –  отбасы үшін маңызды шара. Сондықтан бұл шараға барынша мән берген абзал. Бұл күні барлық ата-аналар жаппай мектептерге келіп, балаларының сынып жетекшілерімен, мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сөйлесіп, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру, сондай-ақ білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты талқылауға ата-аналар қауымын кірістіру. Негізінде мектептегі тәрбие жұмысы нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен мектептің бірлескен әрекетінде екені белгілі.

Айта кетейік, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Отбасылық тәрбиелеу институты ұйымдастырған конференция  барлық мектептерде өтіп жатыр. Онда психологтар мен педагогтар баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет-тәуелділіктің алдын алу, деструктивті діни ағымдардан сақтау, оқуға бейімдеу және отбасылық құндылықтарды арттыру жөнінде кеңес береді.

Талдықорған қаласындағы 28 білім ошағында өткен сенбі күні  «5,6,7 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек» атты ата-аналар  конференциясы өтті. Шараға ата-аналар, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтар қауымы, зейнеткер мұғалімдер қатысты.

Жасөспірім жас ағаш тәрізді, қалай иілтсең, солай өсетін. Сондықтан да жасөспірімдердің психофизиологияық ерекшеліктері және олардың мінез-құлқына, қалыптасу кезеңдеріне, қазіргі интернетке  тәуелділіктің алдын алу, отбасылық құндылықтар жөнінде әңгіме тиегі ағытылды.

Әсіресе, жас буынның деструктивті діни ағымдарға бет бұруына тосқауыл қою, мектепке діни белгісі бар нәрселерді  киюге тыйым салу мәселесіне назар аударылды. Әр баланың мектеп формасымен қамтылуын ата-аналар өз  міндетіне алуы тиіс.

Балалар арасындағы құқық бұзушылық жайттар да оқтын-оқтын орын алып тұрады. Сондықтан да, үйде баланың мінез-құлқына, араласатын ортасына ата-аналар назар аударуы керек.

Конференцияда жалпы адамдық және отбасылық қүндылықтарды қалыптастырып дамытатын жаңа психологиялық-педагогикалық әдістемелер  қолдана отырып, видеороликтер көрсетіліп,  ата-ананың өз баласына үлгі болу жолдары айтылды. Мектеп психологтары ата-аналарға ескертпе кітапшалар таратып, сауалнама жүргізді.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here