Бүгін Ескелді ауданында «Алматы облыстық мемлекеттік архиві» комуналдық мемлекеттік мекемесінің жаңа филиалы ашылды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Айтулы шараға облыстық, аудандық архивтің директорлары, ауданға қарасты мекемелердің бөлім басшылары және зиялы қауым өкілдері мен архив саласының ардагерлері қатысты.

Салтанатты жиында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Әлімжанқызы сөз алып, аудан тұрғындарын жаңа филиалдың ашылуымен құттықтады.

Айта кетейік, Ескелді филиалы 1997 жылы жабылғаннан кейін облыс әкімінің қолдуымен бүгінгі таңда жаңадан қайта ашылып, аудан халқын қуанышқа бөлеп отыр. Ал, осыған дейін тұрғындар бір анықтама қағаз алу үшін облыс орталығы Талдықорған қаласына бірнеше барып, уақыт жоғалтатын. Осы орайда аудан халқы жаңа филиалдың ашылғанына дән риза.

Енді жаңа филиалда барлық мекемелердің анықтамалық, архивтік құжаттары сақталатын болады. Бүгінде облыс бойынша 20 архив филиалы жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, мемлекеттік қызмет алу түріне архив саласын қосып отырғандықтан, кез келген азамат өзіне керекті құжатты үйінде отырып eGov.kz порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға мүмкіндігі бар.

«Архив – тарих кені. Бүгінгі құжат – ертеңгі тарих. Мемлекеттік сақтаудағы барлық  деректер мен құжаттар  халқымыздың өткен ғасырлардағы мәдени, саяси, экономикалық, әлеуметтік ахуалынан сыр шертеді. Қазіргі біздің тәуелсіздік алған тұсымызда да архив ісі сол бұрынғыдай мемлекеттің қамқорлығында. Соның жарқын көрінісіне міне өздеріңіз куә болып отырсыздар. Біздің филиалда 112 архив қоры және 29825 сақтау бірліктері бар. Мұнда бес адам жұмыс жасаймыз», — дейді Ескелді филиалының директоры Еркебұлан Бакабаев.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here