Қазақстанның запастағы офицерлері әскери жиынға тартылды

0
178

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу орталығында әскерге міндетті запастағы офицерлерге арналған бір айлық жиын басталды.

Дереккөз

30 күн бойы 300-ге тарта әскери міндетті азамат радиотехника, байланыс және радионавигация, әуе шабуылына қарсы құрлық әскерлері және зенитті зымыранды әскерлер мамандықтары бойынша білім алады. Жиынның мақсаты – бейбіт өмірден соғыс уақытына көшіру барысында запастағы офицерлердің функционалдық міндеттерімен танысу, жауынгерлік дайындығын  және әскери тапсырмаларды сапалы орындау қабілетін арттыру. Оқу курсы әскери институттың білікті ұстаздарының қару-жарақ және жарылғыш заттар, әскери техникалармен, сондай-ақ химиялық зиянды заттармен жұмыс бойынша дәрістерімен басталып, алғашқы медициналық көмек көрсету, дене дайындығы пәндерімен жалғасын тапты. Жиынға қатысушы офицерлер институт тарапынан жатын орынмен, әскери киімдермен, сондай-ақ азық-түлікпен толықтай қамтамасыз етілген. — Әскери міндеттілерге арнап далалық жағдайдағы дәріс және оқу-жаттығу алаңдары арнайы дайындалды. Институтымыздың білікті офицер-ұстаздары кәсіби шеберліктерімен бөлісіп, білім беруде, — деді институт бастығының орынбасары полковник Мұрат Олжабаев.

Полковник М.Олжабаевтың айтуынша, Үкімет қаулысымен бекітілген аталған жиынға 22-37 жас аралығындағы әр саланың мамандары шақыртылған. Олардың қызмет орны сақталады, жиынға қатысқаны үшін еңбекақы төленеді. — Мен радиобайланыс мамандығы бойынша дайындықтан өтудемін. Әскери ант қабылдадым, бұл мен үшін зор қуаныш. Күрделі далалық оқу-жаттығуларға қатысып, әскери біліктілігімді жетілдіргенімді мақтан етемін. Қазақстан армиясының әлеуеті арта берсін, — деген тілектемін деді өз кезегінде «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның жетекші маманы 23 жастағы запастағы лейтенант Әлібек Шаяхметов.

Әр демалыс сайын әскери міндеттілерге арнап Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының «Байланыс жігіттері» көңілді тапқырлар командасы өз әзілдерімен бөліссе, еліміздің өнер қайраткерлері концерт қойып келеді. Жиын аяқталған соң Алматының көрікті жерлеріне саяхат жоспарланған.

Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here