Бүгін Алматы облысы дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының ұйытқы болуымен Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана – діндер мен ұлттар бесігі» атты облыстық жыр мүшәйрасы өтті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Байқаудың негізгі мақсаты – дінаралық татулық пен тәуелсіз еліміздің тыныштығын ұштастырып, қазіргі және келер ұрпаққа мәңгілік елдің бірлігін насихаттау.

Дәстүрге айналған жыр додасы биылда өңірлік ақындардың басын қосып, үздіктерін анықтады. Айтулы бәсекеде М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының оқушысы Жәнел Инберген озық шығып, байқаудың бас жүлдесін (100 мың теңге) ұтып алды. Ал, облысытық «Жетісу» газетінің тілшісі Мұхтар Күмісбек екінші орынды (80 мың теңге) иеленсе, Салтанат Құмархан Салқұмар (60 мың теңге) үздік үштіктен көрінді. Сондай-ақ, бірнеше ақындар ынталандыру (40 мың теңге) сыйлығымен марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here