Бүгін Талдықорған қаласында «Орбұлақ» шайқасының 375 жылдығына орай триатлон жарысы өтті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Шараның негізгі мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыра отырып, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметкерлер арасында достық қарым қатынасты нығайту және жастарды спортқа баулу.

Алматы облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен жарысқа төрт команда қатысты. Триатлоншылар үш кезең бойынша сынға түсіп, өзара үздіктерін анықтады. Яғни, қатысушылар алғашында 3 шақырым қашықтықта суда жүзіп жарысса, екінші кезеңде велосипедпен 7 шақырым жол жүріп өтті. Одан бөлек, соңғы бәсекеде 5 шақырым жаяу жүгіріп, мәре сызығына келіп табан тіреді.

Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары команда мүшелерінің жалпы ұпайын қосу арқылы анықталды. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды облыстық ішкі саясат басқармасының «Тұран» командасы ұтып алды. Ал, жастар саясатының намысын қорғап келген «Жастар» командасы екінші орыннан көрінсе, үздік үштікті облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқарамасының «Тау қыран» командасы иеленді. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарынан құралған «Жетісу» жігіттері жарысқа белсенді қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here