Өткен аптаның соңында жалпықалалық сенбілік өтті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Қала күні аясында арнайы ұйымдастырылған тазалық шарасына 347 мекеме қатысты. Әр мекеме өздеріне тиесілі аумақты қоқыс қалдықтарынан тазартып, маңайларын ретке келтірді. Қала мектептері де айтулы шараға өз үлестерін қосты.

Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныстың сөзіне сүйенсек, қала бойынша сенбілікке 50 мыңнан астам адам қатысты. 35 техника жұмылдырылып, 1740 куб қоқыс шаһар сыртына шығарылған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here